Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

17.07.2020, 11:55 368

HALYQLINE.KZ Бүгін Өзбекстан елінен жүк көлігіне тиелген (фураға) медициналық заттардан құралған гуманитарлық көмек келді.

Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекемелеріне қажетті түрлі медициналық қолғаптар, медициналық қорғаныш киімдер, қорғаныш көзілдіріктер және тағы да басқа барлығы 240 мыңға жуық медициналық заттар келген.

Бұл медициналық заттар облыстағы ауруханалар мен емханаларға сұраныстарына қарай бөлініп таратылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: