Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бір аптада 5 адам суға кетті

10.08.2020, 13:45 964

HALYQLINE.KZ

Су – тілсіз жау екені рас. Әйтсе де, суға түсу ережелерін сақтамауы салдары қайғылы оқиғаға әкелетінін әркімнің де білгені жөн. «Сақтансаң, сақтармын» деген. Сандарды сөйлетсек, аймақта судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 25 оқиға тіркеліп, 27 адам қайтыс болды. Оның 9-ы – бала. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Өткен аптада 5 қайғылы оқиға тіркеліп, азаматтардың мәйіті табылып, судан шығарылды. Өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылды. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне әкелуде. Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ережелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады», – дейді Саид Шазындаұлы.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: