Бүгін Қызылорда қаласында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге ауданнан 46 жүк көлігімен 104 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері жеткізіліп, қала тұрғындарына ұсынылуда.
Атап айтқанда, 9 тонна күріш, 6 тонна сүт өнімі, 5,1 тонна ет, 6,5 тонна балық өнімі, 67 тонна бақша өнімі, 9,5 тонна кондитерлік өнім және 1 тонна «Қазалы кәмпит», «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері шығарылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылып, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.
Жәрмеңке Қызылорда қаласының «Шұғыла» мөлтек ауданында, Ғани Мұратбаев көшесі мен Қожа Ахмет Ясауи көшелерінің қиылысында өтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!