Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық еріктілер 8 оттегі концентраторын табыстамақ

22.07.2020, 14:00 635

HALYQLINE.KZ Кеше кешкілік аудандық «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 оттегі концентраторын табыстады. Бұл қуанышты жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Берік Мәдиұлының айтуынша, 8 тыныс алу аппаратын сатып алу үшін ауданның тұрғындары біркісідей атсалысқан.

– Берекелі іске ұйытқы болған инстаграмдағы @kazaly_365 парақшасы екенін айта кеткен орынды. Ауданымыздың тұрғындары мен сыртта жүрген жерлестерімізден жиналған қаражатқа Түркиядан 2, Қытайдын 6 оттегі аппараты сатып алынды. Түркиядан алған аппараттарымыз келді. Ал, Қытайдан алған аппараттар 4-5 күндікте келеді.

Бұдан бөлек, бір қарындасымыз 500 медициналық маска, бір азамат 50 арнайы костюм берді. Бұларды да аудандағы медициналық мекемелерге таратамыз, – деді Берік қажы Сүлейменов.

Сондай-ақ, бұл күні Қазалы теміржол ауруханасына 150 дана медициналық маска мен 15 қорғаныш костюмдері табысталды.

Қазіргідей эпидимеологиялық ахуал күрделі кезеңде біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Қиындықты тек ғана ұйымшылдықтың, ауызбіршіліктің арқасында, жақыныңына жанашырлық танытып жеңеміз.

Қазалы ауданының әкімдігі «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов бастаған жанашыр азаматтарға, еріктілерге, барша аудан тұрғындарына алғыс айтады. Әрдайым «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол» шығарып, еліміздің, туған жеріміздің гүлденуі үшін аянбай атсалысайық.

Барлық ауыртпашылықтар мен қиындықтар артта қалсын! Аурухана мен үйде ем алып жатқан барша отандастарымыз отбастарына аман-есен оралсын!

#БізБіргеміз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: