Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда жаңа тұрғын үйлердің кірпіші қаланды

12.08.2020, 16:50 459

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің кірпішін қалау рәсімі өтті.

Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауызсумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады.

Жаңа үйлердің кірпішін қалау барысында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бас мердігерлердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бас мердігер «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 20-ға жуық аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Жаңа үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: