Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы өнімдері шетелге экспортталуда

17.03.2021, 11:15 537

HALYQLINE.KZ Қазалыдан өткен жылы 3,5 мың тонна күріш ТМД елдері мен Польшаға экспортталды. Ал балық өнімдері Ресей, Дания, Германия, Грузия, Қытайға жөнелтілді. Ал 129 тонна қамыс Германияға экспортталды.

– Ауданның экспорттық әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Әсіресе, ауылшаруашылығын әртараптандыруға көңіл бөлеміз. Біз өткен жылы 17675 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылын ектік. Диқандарымыз егілген 6337 гектар күріштің әр гектарынан 41 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 25 мың тоннадан астам астық құйды, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев

Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша «Үздік аудан» атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: