Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

18.08.2020, 17:15 499

HALYQLINE.KZ  Бүгін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен бау-бақша өнімдері тұрғындарға сатылымға шығарылды. Биылғы жылы бір ерекшелігі Жосалы кенті мен Төретам кентінде бақша өнімдерін сатудың арнайы орны ұйымдастырылып белгіленді.

Жосалы кентіндегі Б. Момышұлы көшесіндегі Достық автобекетінің жанынан ашық базар және Төретам кентіндегі автобекет маңындағы Ғ.Мұратбаев көшесі 3 А орналасқан ашық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Бүгінгі Жосалы кенті мен Төретам кентіндегі ұйымдастырылған жәрмеңкені арнайы аудан әкімі М. Қалдарбеков аралап көрді. Мұндай бау-бақша өнімдерін сатылымға шығаруы үшін ауылдық елді мекен тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да тұрғындарға ауыл шаруашылық өнімдерін төмен бағада ұсыну үшін шаралар қабылданатын болады деп айтып өтті.

Жәрмеңкеде ауылдық округтердің бау-бақша, көкөніс өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен күнделікті тұтынатын тауарлар сатылды. Сонымен бірге мал азығы жем-шөп сатылымға шығарылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: