Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала мен даланы қауыштырған жәрмеңке

17.10.2022, 10:45 465

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Қармақшы ауданынан 56 жүк автокөлігімен 171 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада сатылды. Соның ішінде 31 тонна күріш, 1,3 тонна ет және 3 тонна балық өнімдері, 120 тонна бақша өнімдері, 40 литр сүт,шұбат өнімдері, 200 кг жуық кондитер өнімдері қамтылды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы жәрмеңке жұмысымен танысып, ауыл шаруаларымен пікірлесті. Айтулы іс-шара аясында қасиетті Қармақшы елінің жыршы-жыраулары мен өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: