Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзен ортасында қалған балалар құтқарылды

26.08.2020, 12:40 440

HALYQLINE.KZ Сырдариядағы құрғақ жерде қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды. Оқиға 23 тамызда 17:50 шамасында болған. Қызылорда қаласындағы «Сыр Ана» монументі маңындағы аралда қалған 13 және 14 жастағы екі бала дін аман жағаға шығарылды.

Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы 1 техника және 1 үрлемелі қайықпен жетіп, оларға көмек көрсетті. Балаларды бір шақырымдай жердегі Сұлтан Бейбарыс көшесі жанындағы көпір маңына алып шығып, полиция және жедел жәрдем қызметіне табыстады.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: