Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көгілдір отын және санитарлық тазалық мәселелері талқыланды

07.07.2026, 15:20 65

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте «Газ саласын дамыту» мәселесі қаралды. Аталған жиыннан кейін Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізіліп, аталған бағыттағы жұмыстар пысықталды.

Мәжілісте аудан басшысы қазіргі таңда құрылысы жүргізіліп жатқан Сунақата, Екпінді, Еңбек, Қожамберді, Сүттіқұдық елді мекендеріндегі жоғары қысымды газ құбырын тарту жобасының құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар газдандыру бағытында жоғары тұрған бюджеттерге ұсынылған жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жеделдету міндетін жүктеді.

Күн тәртібінен тыс елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарының жай-күйі де қаралды.

4–5 шілде күндері жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралып, анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде толық жою тапсырылды.

Жиын қорытындысында жауапты мекеме басшыларына аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: