Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электронды төлем карталары қайда сатылады?

27.08.2020, 9:40 1597

Құрметті қала тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында қалаішілік қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда, Қызылорда облысы әкімдігі өткізген конкурста «ALEMPAY» ЖШС жеңіске жетіп, келісімшартқа отырған болатын. Яғни, қалаішілік барлық жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі орнатылып, жол жүру карточкалары сатылымға шығарылды.

50 000 ересектерге және 20 000 балаларға арналған электронды төлем карточкалары түгелдей дайын, және қазіргі таңда сатылымда. Төлем карточкаларын автобус жүргізушілерінен немесе «AlemPay» ЖШС-не +7 705 888 43 39 нөмеріне хабарласып сатып ала аласыздар. Сонымен қатар, электронды төлем карталарының басқа да сату нүктелері:

1. «Aray City Mall» ОСО, 1 қабат, «Кәусар» сату бұрышы, жұмыс уақыты: 10:00-ден 21:00 дейін.

Дүйсенбі – жұма күндері;

2. «Ақпейіл» супермаркеті, Тасбөгет кенті, Есенов к-сі №16, жұмыс уақыты: 09:00-ден 22:00 дейін;

3. «Океан Сити» супермаркеті, Хон Бен До к-сі, «Аксессуары» сату бұрышы, жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00 дейін;

4. «Қанат» оптомаркеті, Ақмешіт 9А, «Аксессуары» сату бұрышы, accessories_kzo

5. «Пирамида» дүкені, Ақмешіт 26, «Кеңсе тауарлары» сату бұрышы, жұмыс уақыты: 09:00-ден 19:00 дейін;

6. «Аксессуары» дүкені, Мерей 2, жұмыс уақыты: 10:00-ден 22:00 дейін;

7. «Глобус» БО, Ғ. Мұратбаев 2.

Осы орайда, бүгінгі таңға дейін болған айлық жол жүру билеті (проездной) қыркүйек айынан бастап сатылымға шығарылмайтындығын саламыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: