Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ірі сауда орындары әлеуметтік сөрелермен толықты

17.09.2021, 17:25 274

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ мен кәсіпкерлер арасында өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ететін үш жақты Меморандумға қол қойды.

Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне арналған бұрыш орналастыру туралы әріптестікті қамтамасыз ететін үш жақты өзара ынтамақтастық туралы меморандумға отырды.

Қаладағы ірі сауда орындары «Сыбаға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Океан», «Нұрсұлтан», «Жансая», «Фуд Маркет» сауда орындары 5 ірі сауда орындары меморандум талаптарын мақұлдап, Қызылорда қаласының әкімдігі және «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ өзара ынтымақтастығын нығайтты. Ендігі ретте сауда орындарынада әлеуметтік маңызы бар халық көп тұтынатын 19 түрлі азық-түлік тауарларын қала халқына нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ететін әлеуметтік сөрелер жұмыс істейтін болады.

Басқосуда шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы «Қалыптасқан қиын кезеңге қарамастан қала тұрғындарын күнделікті тұрмысы үшін маңызды болып табылатын азық-түлік тауарларын төмен бағамен қамтамасыз ету бағытында біздің ұсынысымызға қолдау білдіріп, бастамамызды қолдағандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін» деп, меморандумға қол қойған сауда орындарының жұмысына табыс тіледі.

Сондай-ақ, қала әкімі бүгінгі кездесудің маңыздылығы азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтап, сұранысқа сәйкес тауар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау екенін де жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы әкімдігі мен бірқатар тауар тасымалдаушы мекемелер, ірі сауда орындары арасында бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі күні қала аумағында орналасқан ірі сауда орындары «Қызылорда», «Ажар Сити», «Мирас», «Аль-Асад» ғимараттарында нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етілген әлеуметтік өнім сөрелері жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында қалада «Алтын қамба» қоры, және 33 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде. Алдағы уақытта халық тығыз орналасқан аумақтардан тағы да әлеуметтік дүкендер салу жоспарлануда.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: