Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гуманитарлық көмек келді

20.08.2020, 14:00 282

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 19 тамыз күні Қызылорда облысына Украина және Германия мемлекеттерінен Ибупрофен 600 мг, Ибупрофен Атид ®600 мг, Мероаенем-Виста, Левофлоксацин-новофарм дәрілік препараттары мен термометрлер және медициналық қорғаныш құралдары гуманитарлық көмек ретінде келді.

Департамент қызметкерлері және Сovid-19 Қазақстан қоғамдық бақылау ұйымының еріктілерімен бірлесіп, келіп түскен дәрілік препараттар мен медициналық қорғану құралдарының облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізді.

Алдағы уақытта келген гуманитарлық көмектің облыстың емдеу мекемелеріне бекітілген бөлініске сәйкес таратылу барысына да департамент қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар бақылау жасайтын болады.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: