Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде 18 емес, 180 млн адам тұратын секілді – Алматы тұрғыны

11.05.2023, 10:50 380

HALYQLINE.KZ Кеше «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталып, түсте аяқталып қалды. Дұрысы – 4 пайызбен көлік алу жеңілдігі секілді өтініш беру толып кеткен.

Ел ішінде «Ұмай» бағдарламасына қатысты түрлі әңгімелер көп. Осы тұста оның тиімді тұстары мен олқылықтарының кейбірін атап өткенді жөн көрдік.

Қаржы саласының белсенді маманы  Айбар Олжаевтың пікірінше бұл ипотеканың тиімді тұстары көп екен.

     –  Менің ойымша «Ұмай» ипотекасы тиімді. Себебі оның ставкасы – 14% Ал бізде базалық ставка 16,75%. Банктікі орта есеппен 21-22% болады. Сондықтан базалық ставкадан төменгі кез-келген ипотека тиімді. Одан бөлек, ипотеканың сомасы өте жақсы 30 15,6 млрд теңге. Қысқарған, шектелген лимит жоқ. Алғашқы жарнасы да өте қолжетімді. Азаматтарға өте ыңғайлы ипотека. Бұл ипотекаға сұраныс жоғары екенін естіп жатырмын, – дейді Айбар Олажев

Ал тұрғындар  «Ұмай» ипотекасының тым қымбат екенін айтады.

      – «Ұмай бойынша 20 млн теңге тұратын  пәтерді  айына 386.000 теңге төлейтін етіп шығарып беріпті. Халықты ойлайтын адам бар ма? Ай сайын 386 мың теңгені  әйел адам қалай төлейді?, – деп ашынды Айгүл Бажан.

      – Мен бүгін  «Отбасы» банкке барған едім. Сағат 12:30 да бағдарлама жабық деп қайтарып жіберді. Бағдарлама таңғы 09.00-де ашылып, үш сағатта қалай толып кетеді? Сонда кімдер алып үлгерді. Осыны түсінбей дал болдым. Банкте кезек күткен азаматтардың қарасы өте көп. Бәріміз құжаттарымызды тапсыра алмай сандалып қалдық, – дейді  Гаухар Ілясова.

      – Біздің елімізде 19 млн адам емес, 180 млн адам тұратын секілді. Халықтың басым көпшілігінде үй жоқ. Ауылды мекендерде жұмыс жоқ. Бәрі қалаға қарай көшеді. Алматы қаласында тұрып жатқанымызға 20 жылдан астам уақыт өтті. Әлі күнге үй ала-алмай жүрміз. Өзім жалғыз басты анамын. Екі бірдей ұл тәрбиелеп отырымын. Әлі күнге жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз. Соңғы уақытта барлығы жарыс секілді болып кетті. 4%-пен көлік алу 18 секундта жабылған еді. Енді «Ұмай» ипотекасына өтініш беріп үлгермедік. Балаларымызды тегін қосымшаға жазу кезінде де сайттан қателік шығып, келесі күні балалардың толып кетекені жайлы хабар шықты. Тиімді бағдарламаға қатысу үшін бәріміз жанталасуымыз қажет секілді, – дейді Бақыт Тұрғынбай.

Қазір елімізде ипотекаға арналған түрлі бағдарламар бар. «Ұмай» ипотекасы тек әйел адамдарға арналған. Бірақ осы ипотекалардың дені тек қалталы азаматтарға арналған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: