Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгіннен бастап 42500 теңгеге өтінім қабылданады

17.07.2020, 11:05 631

HALYQLINE.KZ Мұқтаж жандарға төленетін 42 500 теңгеге бүгіннен бас­тап өтінім қабылданады.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz порталы, eGov электрон үкімет порталы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар Telegram-бот арқылы бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардан бір рет ғана өтініш беруді сұрады.

«Порталға өтінішті бір рет ғана берсеңіздер, оны 2-3 рет бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініш тастамаңыздар, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтініш өтпейді. Мұндай әрекеттер порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі болады. Өткен жолы 18 миллион өтініш келіп, порталдарға салмақ түскен еді. Сондықтан өтінішті бір рет ғана тастаңыздар, қабылданды деп хабарлама келеді. Статусыңызды ары қарай 42500.enbek.kz-тен тексеріп отырасыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр азаматтардың өтініш беру мерзіміне қатысты шектеу жоқ екенін айтты.

«Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ өтінішті 1 қыркүйекке дейін қабылдай береміз, порталдар жабылмайды», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: