Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар мен жолаушылардың қуанышы

16.09.2020, 10:30 497

HALYQLINE.KZ Қаламызда жыл сайын жүзеге асырылатын әртүрлі жобалар қала тұрғындарының игілігі үшін бағытталатыны айқын.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен баспасөз туры бүгін саламатты өмір салтын қалыптастыруда мәні зор ойын алаңдары мен жолаушылардың жайлы тұрағы аялдамаларда жалғасын тапты.

Саламатты өмір салтын қалыптастыруға әрі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған алаңдарды қазір кез келген ауладан көруге болады. Биыл Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» негізінде мұндай алаңның 30 данасы тұрғын үй аулаларында салынды.

Соның бірі, «Жастар үйі» маңында және Панфилов көшесінің бойында орналасқан ойын және спорт алаңымен таныстырылды. Алаңқайлардың барлығы футбол алаңымен, тренажор және балалар ойын алаңымен қамтылған. Бүгінде бұл алаңқайларда аула балаларының шат-шадыман ойнап, қуанышқа бөленгеніне ата-аналары да ризашылықтарын білдіруде.

Келесі таныстырылған нысан – Бөкейханов көшесінен салынған жаңа аялдама. Жалпы, аталған мемлекеттік бағдарлама негізінде «Азамат» ЖШС мердігер мекемесі қала аумағында 70 аялдама салу жұмыстарын жүргізуде. Жобаның техникалық қадағалаушысы «Раян и К» ЖШС құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жүргізуде.

Аралау барысында, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Абзал Рысбек қала тұрғындарының игілігі үшін салынған нысандардың бұзылуына жол бермеу қажеттігін айта өтіп, тұрғындарды жанашырлықпен қарауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: