Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалды

24.04.2026, 22:50 38

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Есжанов бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар өздерінің ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде талаптарын айтса, енді бірі баспанаға қол жеткізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Есжанов әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: