Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, ономастика мәселесі мен жолдардың жай-күйіне қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті түсіндірмелер берді.
Аудан әкімі өтініш берушілердің барлық ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!