Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданында білім ошағының іргетасы қаланды

01.11.2023, 8:40 120

HALYQLINE.KZ

Кеше Арал ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін қос мерекемен құттықтады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12300 орындық 21 мектеп салынады. Соның төртеуі Арал ауданында бой көтереді. Бүгін біреуінің іргетасын өздеріңізбен бірге қалаймыз. Өткен аптада Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында, бүгін міне, Арал ауданында білім ошақтарының құрылысын бастадық. Бүгінгі іс-шара – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ ісіміздің жалғасы. 300 орындық білім ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болғай. Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл жобаның басы-қасында жүрген азаматтарға ісіне жауапкершілікпен қарап, құрылысты сапалы жүргізуді халық атынан аманаттаймын», – деді аймақ басшысы.

Құрылыс алаңында білім саласының ардагері Аманжол Жолмағанбетов бата берді.

Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат, 5 мектеп пайдалануға берілуде. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатын физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана «Оқушылар үйі» болса, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Оған қоса «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 4,8 млрд теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: