Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Акция аясындағы қамқорлық

26.08.2020, 19:00 406

HALYQLINE.KZ Жаңа оқу маусымының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Еңбек ауылдық округінде 30-ға жуық оқушыға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Акция аясында «Еңбек Жер» ЖШС-ның төрағасы Шакизатхан Искаков 560 мың теңгеге мектеп оқушыларына 8 планшет табыстады. Ал ауылдың төл перзенті Нұрдаулет Кенжебаев 2 оқушыға моноблок тарту етсе, Ғалия Байділдаева 1 оқушыға ноутбук сыйлады. Сондай-ақ, бірқатар жеке кәсіпкерлер 10 оқушыға бір данадан смартфон үлестірді.

Республикалық акциядан Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп ұжымы да қалыс қалмады. Яғни, ауыл мектебіндегі ұлағатты ұстаздар шәкірттеріне көптеген смартфон сыйға тартты. Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандардың қатарында ауылдағы емхана ұжымы мен мәдениет үйі қызметкерлері де бар. Еңбектегі ақ халатты абзал жандар мен өнерлі азаматтар да балалардан базарлығын аяған жоқ. «Мектепке жол» акциясында ғалым атындағы орта мектепті әр жылдары тәмамдаған түлектер де оқушыларға өз сыйлықтарын үлестірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: