Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік баспаналарды көрді

02.08.2023, 9:25 117

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алынатын 50 тұрғын үйдің дайындығымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде «Тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан Қармақшы ауданына 480 млн теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыға аудан орталығынан 50 тұрғын үй сатып алу жоспарланған.

Бүгінгі күні 12 үй пайдалануға беруге дайын. Әрбір пәтердің орташа аумағы – 60 шаршы метр.

Аймақ басшысы қалған үйлерді де уақытылы пайдалануға беріп, дайындық жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: