Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз елдің болашағы мен егемендігін елестету мүмкін емес

13.11.2026, 6:00 19

HALYQLINE.KZ

Тіл – кез келген халықтың тарихы мен мәдениетін, асыл мұрасы мен рухани болмысын сақтап жеткізуші ең басты құндылық. Халықтың өткені мен бүгінгісін жалғастыратын алтын көпір де – оның өз ана тілі. Тілсіз елдің болашағы мен егемендігін елестету мүмкін емес.

Қазақ тілі — бабаларымыздан қалған ұлы аманат. Ол — шешендік пен даналыққа толы, сөздік қоры бай әрі әуезді тіл. Тіл арқылы біз әлемді танимыз, ұлттық салт-дәстүрімізді бойымызға сіңіреміз. Әрбір азамат өз ана тілін білуге, оны құрметтеуге және күнделікті өмірде кеңінен қолдануға міндетті. Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту — заман талабы. Интернет, ғылым, бизнестің тіліне айналу арқылы қазақ тілі жаңа белестерді бағындыруы тиіс. Ұлттың өз тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметі — мемлекеттің мықтылығының басты кепілі.

Сөзімді қорытындылай келе, ана тілін ардақтау мен қорғау — әрбір саналы ұрпақтың перзенттік парызы дегім келеді. Тіл — жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол — ұлттың жүрегі, елдігіміздің негізі. Тілімізді таза ұстап, сөз байлығын арттыру және оны келешек ұрпаққа бұзбай жеткізу — бәрімізге ортақ үлкен жауапкершілік. Өз тілін құрметтеген елдің еңсесі қашанда биік болады. Сол себепті де ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны әрқашан мақтаныш етуіміз қажет. Ана тіліміз мәңгі асқақтай берсін!

Жанерке  Бақытбаева,

Төретам кентіндегі №85 орта мектебі 8 «Ә» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Н.Жакипова

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: