Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

700 мың адам төлемді өтінішсіз алады

17.07.2020, 17:35 447

HALYQLINE.KZ Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу қаупі жоғары 700 мың қазақстандық  42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS-хабарлама алды, – деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылғы шілдеде карантиндік шараларының енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлем жүзеге асырылатын болады.

«Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Қызметі қазір де шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту дерегін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар онда өз мәртебесін қадағалай алады», – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

SMS-хабарлама алмағандарға 42 500 теңге тағайындауға өтініш қабылдау бүгін, 17 шілде 42500.enbek.kz сайтында басталды. Egov.kz порталы мен Телеграм-боттар бүгінгі күннің екінші жартысында іске қосылмақ. Ал сайтқа кіре алмай отырған халық әлі де көп. Себеп – бір мезетте шамадан тыс адамның жүйені бір мезетте қолдануы.

Осылайша, келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
– egov.kz – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы;
– 42500.enbek.kz порталы;
– «Электрондық үкімет» telegram-bot;
– Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
– кейінірек «Каспий банк» сынды екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: