Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42 мың 500 теңгені алудағы 7 қадам

02.04.2020, 11:18 1047

Елде жаппай індеттің таралауына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде мемлекет халықтың барлық тобына жан-жақты көмектесуге дайын екенін айтты. Әсіресе, табысынан айырылуына байланысты азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтініш беру рәсімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-бот қосымшасынан арнайы бөлімді іске қосты.

Азаматтар әлеуметтік төлемдер алуға өтініш берген кезде деректерді жауапкершілікпен және толық толтыруы қажет.

 – Ең бірінші, Сізден мәліметтеріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Бар болғаны үш баған: аты-жөні, ЖСН және карта шоты. Досыңыздың, танысыңыздың емес, өзіңіздің жеке шотыңызды көрсету керек! Өйткені әлеуметтік төлемді тағайындауда сіздің тегіңіз карточка иесімен салыстырылатын болады, – деді еңбекмині Б.Нұрымбетов.

«Telegram-бот» арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;

2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.

Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.

Telegram-бот ағымдағы жылдың 2 сәуірінен, яғни бүгіннен бастап жұмыс істейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері айына 42,5 мың теңгені құрайды (ең төменгі жалақы), ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

 – орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

 – жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

 – жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

 – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ);

 – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

 – карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: