Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

21.04.2023, 15:30 290

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында 19-20 сәуір күндері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерден келген жұмыс тобының қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтуде.

Аталған жәрмеңке бүгін «Astana plaza» сауда үйінде өтіп, оған 5 өңір бойынша барлығы 3000 бос жұмыс орны ұсынылды. Делегация өкілдерінің айтуынша, Абай облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ұлытау облыстарында медицина, білім, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары және өзге де бағыттар бойынша мамандар тапшы. Сонымен қатар, жергілікті жұмыс беруші 20 мекемеден 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Бүгінгі жәрмеңке барысымен арнайы келіп танысқан қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов жұмыс іздеушілерге лайықты жұмыс түрлерін табуларына тілектестік білдіріп, делегация жұмысына сәттілік тіледі. Жәрмеңкеге келген жұмыс іздеушілерге жұмыспен қамту орталықтары өкілдері мен жұмыс берушілер кеңес беріп, қоныс аударуға ниетті азаматтарды толыққанды мәліметтермен таныстырды.

Аталған жәрмеңке 20 сәуір күні сағат 10:00-де С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде, сағат 11:30-да «Қорқыт Ата» сауда үйінде жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: