Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

№1 ХҚО бөлімінде тұрғындарға құрмет көрсетілді

17.08.2020, 14:30 340

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 бөлімі карантин кезеңінде азаматтарды дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылдауда.

Осынау елімізде болып жатқан қиын кезеңіне қарамастан бөлім алдын ала кезек уақытын брондау арқылы күніне 300-ге жуық тұрғынды қабылдап, қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, №1 ХҚО бөлімі жыл басынан бері 65 мыңнан астам өтінішті қабылдап, қызмет көрсеткен. Аталмыш орталық арқылы тұрғындар әлеуметтік қызметтер мен жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерге көптеп жүгінген.

Бөлім қызметкерлері келген қызмет алушылардың арасында туған күн иелері мен зейнетке шыққан азаматтар мен қарттарға тәтті мен түрлі-түсті шарлар табыс етті.

Осылайша, мамандар қазіргі еліміздегі болып жатқан қиын кезеңде қызмет алушыларды қолдап, көңілдерін көтеріп, құрмет көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: