Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абырой әкелмейтін «тарих»

06.06.2026, 8:20 41

Қырғыз халқының кейбір жазушылары, кейбір зиялылары патшалық Ресейдің «бұратана» халықтарға қарсы қолданған саясатын бүгінде өздерінің «төл тарихы» етіп көрсеткісі келеді.

Сөйтіп, «Орынборға дейін қырғыз жайлаған» деп, тарихи шындықты бұрмалайды.

Жарайды, патшалық Ресей біздің халықтардың ортақ тарихын саналы түрде бұрмаласын, саналы түрде екі халық арасына от жақсын… — ол империяның «өмір сүру тәсілі»!

Бірақ біздің халықтар оның шын тарих емес екенін білуі тиіс қой?

Оның астарында «бөліп ал да билей бер» деген жымысқы саясат барын сезуі керек қой?

Жоқ, кей «жазушылар» (жазушы екеніне күмәнім бар) белден басып, құр не бос кеудесін даңғырлатып дабыл көтеруге бейім…

Кім үшін, не үшін?

Болашақ үшін десек — біздің болашағымыз Түркі әлемінің бірлігінде!

Ендеше, ол псевдотарихшылар Шоқан Уалихановты да оқымастан, әлі күнге бұрынғы ресейлік империялық мүддені қорғап, соның сойылын соғуда деген дұрыс сияқты…

Тарихта «Ел көшкен» жағдайлар кездеседі — мысалы, қырғыздардың Енесайдан кетуі…

Ал, бірақ, тарихта «Жер көшкен» деген өмірі болған емес…

Олай болса, қазіргі тәуелсіз Қырғыз жері де ешқашан, ешқайда көшпейді!

Олай болса, Қырғыз халқының да ендігі тарихы мен тағдыры мәңгілікке Қазақ елінің тарихымен және тағдырымен байланысты болмақ…

Осыны ұқпаған ел адамы қалайша өзін «зиялымын», «тарихшымын», «жазушымын» деп ұялмай айта алады?!

БҰЛ — АБЫРОЙСЫЗ ТІРЛІК


Әбдірашит Бәкірұлы,
Алматы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: