Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«А» қайда, Садықов мырза!

04.06.2020, 22:15 1097

Бүгін барша қазақстандықтар мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Атаулы мерекеге әр облыс, әр аудан, тіпті, әр ауыл қал-қадірінше үн қосып қалуда. Дегенмен, «аттандамас» бұрын, айналаға бір қарап алған жөн бе дейміз…

Түс ауа фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Туған өлкем Түгіскенім» парақшасында тап-тамаша бейнежазба пайда болды. Мазмұны мынадай: ауылдағы жас өрендер мемлекеттік рәміздерге арнап өлең оқиды. Соңында қазақтың қара домбырасымен жанды дауыста «Бұлқынды жүрек» әні орындалады. Осы бір әдемі дүниенің әрін кетірген ақжағалылардың әрекетсіздігі десек, қателеспейтін шығармыз. Бейнежазбада ауылдағы «Рәміздер аллеясының» сиқын көріп шошыдық. Ең әуелі «аллеясы» деген сөздің бас әріпі жоқ, соңындағы «ы» әріпінің де келісіп тұрғаны шамалы. Одан бөлек, бейнежазбадан Елтаңбаның күнге әбден «қақталғанын» аңғару қиын емес. Тіпті, өрттің ортасынан алып шыққандай көрінеді.

Жалпы, Түгіскен елді мекені Аққорған ауылдық округіне қарасты. Жаңақорған ауданы әкімдігінің ресми сайтына сүйенсек, ауылдық округ әкімі қызметін Сардармұхамедуәлі Садықов атқарады екен. Айтпақшы, әлеуметтік желіге осы бейнежазбаны жүктеген ауыл тұрғыны Берік Атахожаев видеоның бүгін түсірілгенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: