Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

4 жастағы бала терезеден құлады

22.06.2020, 11:30 783

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 20 маусым күні сағат 16:17 минут шамасында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 3 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 2016 жылы туған ер бала құлап түсті. Түрлі дене жарақатын алған 4 жастағы бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында.

Бұл – облыста балалардың терезеден құлауынан болған 4-ші оқиға. Статистика көрсеткендей, көбінесе балалардың құлауы – олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы және жанындағы ересектердің немқұрайдылығы себебінен. Осы орайда, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департментінің мамандары кішкентай балаларды бөлмеде жалғыз қалдырмау маңызды екенін алға тартады. Сонымен қатар, барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе маңынан алшақ қою керек. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз», – дейді құтқарушылар.

Бұл тұрғыда бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелерге арнайы бекіткіштер орнату қажет.

HALYQLINE.KZ сайтына жарияланған мына материалмен таныс болыңыздар:

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: