Бүгін, 23 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, 22-24 тамыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада бүгін таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетіп, ауа температурасы күндіз +19…+21 градус болады. Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте жауын-шашын болмайды, күндіз +31…+33 градус ыстық болады.
Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріліп, шаңды дауыл соғады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!