Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кесірлі кезеңдегі ұтымды уақыт

01.04.2020, 15:15 522

«Карантиндеміз» деп уақытыңызды бекерге өткізіп алмаңыз. Пандемияны пайдаңызға асыруға да болады. Ауру туралы көп ойланып, басыңызды босқа ауырту денсаулыққа зиян. Психолог мамандар осылай дейді. Қазір қарбалас қызметтен уақытша қол үзген болсаңыз,  сізде уақыт бұрынғыдан салыстырғанда әлдеқайда көп деген сөз. Бұрын таң ата үйден шығып, күн ұясына қызара батқанда үйге келетіндер енді бірнеше апта бойы отбасы, бала-шағасының жанында уақыттарын өткізуге мәжбүр. Ал дәл осы сәт өзіңізді жан-жақты дамытуыңызға үлкен септігін тигізбек.

Сонымен төмендегі дағдылар сіздің үйде отырып зерікпеуіңізге септігін тигізуі мүмкін.

– Кітап оқу. Көптен жоспарлап жүрген кітаптарыңыздың тізімін жасап алып, соларды кезек-кезегімен оқып шығу көңіліңізді сергітеді. Артық ойлардан сергуге сеп болады. Бұрын «кітап оқитын уақыт жоқ» дейтін болсаңыз, қазір осыны қолға алыңыз. Оқуға ерінгендерге қазір аудиокітаптар шығып жатыр. Телефонға немесе компьютеріңізге жүктеп алуға болады.

– Кино немесе әртүрлі пайдалы фильмдер көру. Қазір ғаламтор қалаған киноны алдыңызға тізбектеп береді. Кезкелген жанрдағы фильмдерді көріп, дүниетанымыңызды кеңейтуге жақсы мүмкіндік туды. Бір сәтке болса да көңіліңізге ой салатын фильмдер көргеннің артықтығы жоқ.

– Тіл үйрену. Аз ғана уақытта тіл меңгеріп шығу оңай дүние емес. Дегенмен сөздіктер жаттауға болады. Мәселен сіз ағылшын тілінен күніне кем дегенде 10 сөз аудармасымен жаттасаңыз, 1 айда 300 сөз біліп шығуға болады.

Хобби. Әркім әртүрлі дүниеден шабыт алады. Мысалы, біреу тігін тіксе, әлдекім түрлі тағам түрлерін жасаудан энергия алып жатады. Сол секілді сіз де жеке шығармашылық қабілетіңізді шыңдаңыз.

– Қайырымдылық жасау. Қазіргі індетті әркім әртүрлі пайдаланып жатыр. Қарапайым халық үшін қат боп тұрған масканың өзіне қол жетпей жатыр. Тиынын еселегісі келгендер бағасын шарықтата сатып жатса, бірі қолдан жасап тігіп тегін таратып жатыр. Қысылтаяң шақта халыққа қажетті заттарды қолдан тігіп, қайырлы іске үлес қоссаңыз нұр үстіне нұр болады.

– Әртүрлі курстарға қатысу. Үйде отырған әйел адамдар үшін түрлі даму курстарына қатысу өте пайдалы. Әлеуметтік желілер арқылы жеке дамуға қажетті курстар өте көп.

Тек күні бойы смартфонға үңіліп, тамақ ішіп жата беруден сақтаныңыз. Бұл біріншіден, сіздің денсаулығыңызға зиян, екіншіден, алтын уақытыңызды бекерге өткізіп аласыз. Қауіпті кезеңдегі уақытты пайдаңызға асыруға асығыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: