Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрметпен күтіп алды

25.10.2023, 11:30 205

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Имамзада Шағыртаевты, «Парасат» орденімен марапатталған техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисеновті, сенатор Ақмарал Әлназарованы Шымкент әуежайынан құрметпен күтіп алды.

Марапат иелері қазір өтетін Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысады. Еліміздің ең ұлық мерекесінде құрмет төріне шыққан барша жерлестерді құттықтаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: