Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді

26.06.2026, 8:25 29

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар мерейтой және зейнет жас иелерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты қабылдауда Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Әбутәліп Сүйіндіковтің 75 жас мерейтойы, аудандық мәслихат депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Әлібек Нәлібаевтың 65 жас мерейтойы, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, құқық қорғау саласының ардагері Төребай Сапарбаевтың 65 жас мерейтойы және өңірге белгілі кәсіпкер Мақсұт Шомановтың зейнеткерлік жасқа толуы атап өтілді.

Кездесу барысында аудан әкімі Мажит Самитұлы мерейтой иелерінің әрқайсысының ауданның өсіп-өркендеуіне, қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына, жас ұрпақ тәрбиесіне және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбектеріне ерекше тоқталып, ізгі лебізін білдірді.

– Сіздер саналы ғұмырларыңызды ел игілігі жолындағы адал еңбекке арнап, туған жердің дамуына өлшеусіз үлес қостыңыздар. Қай салада жүрсеңіздер де елдің сенімінен шығып, кейінгі буынға өнеге болатын өмір жолын қалыптастырдыңыздар. Бүгінгі құрмет – сіздердің көп жылғы еңбектеріңізге берілген лайықты баға, — деді аудан басшысы.

Салтанатты іс-шарада мерейтой иелеріне ауданның ең жоғары марапаттарының бірі – «Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен естелік сыйлықтар табысталды

Жиын барысында ел ағалары Өмірсерік Тақырбасов және Серқожа Ыдырысов мерейтой иелеріне ақжарма тілектерін білдірді.

Өз кезегінде мерейтой иелері көрсетілген құрмет пен ықылас үшін аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, ел бірлігі мен ауданның өсіп-өркендеуіне тілектестіктерін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: