Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел игілігі жолындағы ерен еңбек

08.09.2026, 9:40 25

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының «Руханият» орталығында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Ел игілігі жолындағы ерен еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жиында аудан әкімі мұнай-газ саласының ел экономикасындағы маңызына тоқталып, сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұнай-газ саласы – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, өндірістің тұрақты дамуына серпін беріп отырған маңызды салалардың бірі. Бұл сала мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда да өзіндік орны бар. Әсіресе табиғи газдың халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы маңызы ерекше. Ауданымызда елді мекендерді газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда.

Бүгінде аудандық газ шаруашылығында 36 қызметкер еңбек етеді. Сіздер аудан тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етіп, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп келесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды жұмыс. Сондықтан әрбір маманның еңбегі зор құрметке лайық.

Сіздерге еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! — деді аудан басшысы.

Салтанатты жиында мұнай-газ саласының дамуына және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосқан сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында еңбек ардагері Серқожа Ыдырысов сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: