Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан жолдарында 870 мыңға жуық артық салмақ фактісі тіркелді

09.09.2026, 15:10 56

Қазақстан жолдарындағы ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тиеуі үлкен мәселеге айналып отыр.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында автоматтандырылған өлшеу бекеттері көліктердің рұқсат етілген салмақтан асып кетуіне қатысты 870 мыңға жуық ықтимал заң бұзушылықтытіркеген.

Оның ішінде:
🔹 139 мыңға жуық көліктің салмағы 50 тоннадан асқан;
🔹 12 мыңға жуық көлік 100 тоннадан ауыр болған;
🔹 шамамен 1 мың көліктің салмағы 200 тоннадан асқан.

Артық салмақ жолдың тез бұзылуына әкеледі. Асфальтта ойықтар, іздер мен деформациялар пайда болып, жолдың жөндеу мерзімі қысқарады. Бұл мәселе әсіресе жаңадан салынған және қайта жөнделген жолдар үшін қауіпті.

Кейбір жүк көліктерінің жүргізушілері салмақ өлшейтін автоматтандырылған бекеттерден өтпеу үшін жол жиегімен немесе техникалық жолдармен айналып өтетіні де анықталған. Кей жерлерде мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін қойылған қоршаулардың өздігінен алынып тасталғаны тіркелген.

«ҚазАвтоЖол» артық салмақпен күрес жүк тасымалдаушыларға қарсы бағытталмағанын атап өтті. Мәселе – жүк көліктерінің өзінде емес, рұқсат етілген салмақ пен осьтік жүктеме талаптарын сақтамауда.

Компанияның айтуынша, бір рейсте көбірек жүк тасу тасымалдаушының шығынын азайтуы мүмкін. Бірақ оның зардабы жолға түседі. Соның салдарынан жолды мерзімінен бұрын жөндеуге қосымша қаражат қажет болады.

870 мыңға жуық ықтимал заң бұзушылық – жолдардың сақталуына қатысты маңызды белгі. Жол салу ғана емес, оны бүлінуден сақтау да маңызды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: