Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әкім ауысқалы жағдай қайта нашарлады»

27.05.2021, 11:30 492

Хат қолымызға түскен бойда дереу қалалық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инс­пекциясы бөліміне хабарластық. Ондағылар сол мезетте жылдам қимылдап, жағдайды дереу түзетуге уәде берді. Тұрғындармен жеке сөйлесіп, олардың бар мұң-мұқтажын орындады. Осылайша, бұл мәселе жылдам шешілген. Біз де «мәселе шешілсе, шекеден ұрмайық» десіп, жайлы біткен оқиғаны жылы жауып қоя салдық. Дегенмен, араға бірнеше ай уақыт салып, әлгі мәселе қайта тұтанды. Жергілі­кті тұрғындар редакцияға қайта хабарласып, мекеме бұрынғы жауапсыздығы­на қайта басқанын айтады. Олардың айтуынша, бұл мәселе әкім ауысқанға дейін  бұлай  нашарламаған.

– Жауаптылардан  кәріз  құбырын  орталықтандырса дейміз. Әбден ескіріп, жарамсыз болып қалған. Осы мәселе бойынша, әр апта сайын жауап­тыларға хабарласып отырмыз. Әр апта сайын кәріз құбырлары толып қалады. Осы үш тұрғын үй қалдық суға «батып отыр». Біз мүмкін болған барлық жауап­ты мекемелердің телефонына хабарласып отырмыз. Одан кейін оларды 5-6 сағат күтуге мәжбүрміз. Бірақ, олар оңайлықпен келмейді. Тіпті, кейде «барып тазалап кеттік» деп өтірік айтады. Әр апта сайын ұрысып, айғайласып келеміз. Жауаптылардан бұл мәселені шешуді сұрап келе жатқанымызға бірнеше жыл болды. Өткен жылы «2021 жылы жөндеп береміз» деп уәде еткен болатын. Дегенмен, жылдың ортасына таядық, жөндемек түгілі жыбырлаған жан жоқ. Біз телефонның ар жағындағы жандармен жанжалдасып шаршадық, Кәріз құбырында істейтін жандардың кез келгені біздің үйді танитын шығар. Бұл – «Шұғыла» шағын ауданы №7А, 6А, 1А тұрғын үйлеріндегі барлық тұрғындардың жанайқайы, – деді тұрғын Айкенже Төлегенқызы.

Жергілікті тұрғындар құрғақ уәдеден шаршағанын айтады. Егер уақытылы істелмесе, «жоғарғы жаққа» шағымданатынын жеткізіп отыр. Жаз келіп, күннің ысығанына қарасақ, онда тұру тіпті мүмкін емес. Жағымсыз иіс үйдің ішін де жайлап алған. Оның үстіне бұрынғыдай мекеменің көліктері де қуатты емес, тазалау жұмыстары тиянақты жасалмайтын көрінеді.

Мәселенің мән-жайын естігелі дереу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарластық. Бірнеше ай бұрын мәселенің ақ-қара­сын ажыратып берген бөлім мамандары бұл жолы түрлі себептермен жауап бере алмайтынын жеткізіп, ат-тонын ала қашты. Ал «Қызылорда су жүйе­сі» мамандары болса мәселені дереу зерттейтінін айтып, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беруге уәде етті. Жалпы, аталған мекеменің жұмысы соңғы кездері көңіл көншітпейді. Қарапайым қара судың сапасы да сын көтермейтіні барлық қала тұрғындарына белгілі. Оның үстіне мекеме қаржылық қиындықтарды көріп отырғаны тағы бар. Айта берсек, түбіне жетпейміз. Десе де, жоғарыда көтерген мәселені тез арада шешіп, жұғымды жауап  береді  деген  сенімдеміз…

Бекзат   АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: