Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талапкерге жолсөмке

04.07.2022, 15:35 245

Мектеппен қоштасу кеші де аяқталды. Талапкерлердің ендігі жұмысы – өзіне жолсөмке дайындау. Егерде білім алу жолында өзіңізге алыс қаланы таңдаған болсаңыз жолсөмкеңіз «жасаулы» болайын деп тұр. Жатақханаға жатуды көздесеңіз, өзіңізбен бірге көп зат алудың қажеті жоқ. Себебі мұнда жеке заттардан гөрі ортақ зат деген ұғым көп қолданылады. Сол үшін шабаданыңызда мына заттардыңдың болғаны жөн.

  • Өзіңіз сүйіп оқитын 3 кітап (махаббат пен мотивация жанрында болғаны абзал).
  • Су ішуге арналған термос немесе бөтелке. Суға ақша жұмсамасаңыз біраз шығынды тоқтатуға мүмкіндік бар.
  • Сырты түрлі-түсті блокнот немесе қалың дәптер. Бұл ешкімге айта алмайтын сырыңыз бен оқиғаларыңызды жазып сырласуға көмектеседі.
  • Ноутбук немесе планшет. Бұл заттар болмаған жағдайда сізге сабақ орындау барысында қиындық тууы мүмкін, себебі ЖОО-да үй тапсырмасын (презентация) телефон арқылы орындау кезінде қиналуыңыз мүмкін.
  • Сонымен қатар, стикер, желім, түрті-түсті қалам мен постерлер жеке идеяңызды жүзеге асыруға қызмет етеді. Сол үшін, бұл да маңызды заттардың қатарына жатады. Студент кезде көп студент ұмытшақтыққа шалдығып, көп нәрсені ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан кез келген сәтте стикерді пайдалана аласыз.
  • Достарыңызға аз-кем сыйлық салып алыңыз. Ол брелог немесе шағын қатіре (блокнот) болуы мүмкін. Студенттік шақта біреуден көмек сұрамау мүмкін емес, бұл рақметіңізді айтқанда қажет болары сөзсіз.
  • Телефоныңызға сай келетін қуаттағыш кабелінен бірнеше түйір алып қойғаныңыз жақсы, себебі барлығы бірдей телефон ұстамайтыны түсінікті.

Ал қалған заттарды өзіңіз де білесіз. Шаруаны кейінге қалдырмай, бүгіннен бастап, осы заттарды жинақтауға кірісіңіз. Жолсөмкеңіз дайын!  

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: