Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мысықтың пырылы – түрлі дертке ем

13.07.2022, 10:55 819

HALYQLINE.KZ

Америка ғалымдары көп зерттеуден кейін әрбір үйде мысық болуы тиіс деген қорытындыға келген. Мысықтың пырылы жануарға тән жай ғана дыбыс дерсіз, бірақ оның түрлі дертке ем екенін біреу білсе, біреу білмес. Әсте, бұл пырыл мынадай ауруларға шипа көрінеді:

Сынған сүйектердің бітіп кетуіне көмектеседі және сүйекті қатайта түседі.

Адамның жүйке жүйесі мен психикасын қалыпқа келтіреді.

Сондай-ақ мысықтың пырылдаған дыбысы мидың және жүрек қан айналымын жақсартып, иммунитетті көтереді.

Гастрит, асқазандағы тасты жойып, остеохандроз, тұмау, ұйқысыздық ауруларынан емдейді.

Ішімдік пен нашақорлыққа деген тәуелідікті сейілтеді.

Мысықтың тырнақтары ине терапеясының орнына жүретін көрінеді.

Ал ислам тарихында мысықтардың пырылдағаны Аллаға зікір айтуы деген түсінік бар.

Алланың үйі – мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар ол – мысық. Осыдан-ақ бұл үй жануарының исламдағы орнын біле беруге болады.

Мысық адамның өзіне деген махаббатын, мейірімін сезсе ғана, емдеу ісіне кіріседі. Оны жақсы көріп сипасаңыз, біраз аурудан арыласыз. Мысықты емдеуге күштеп көндіру мүмкін емес. Өмір бойы үйінде мысық ұстаған адамдар мысық асырамайтын адамдарға қарағанда 10 жыл ұзақ өмір сүретіні ғылымда дәлелденген.

Света  Қуанышеваның  әлеуметтік  желідегі  парақшасынан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: