Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күзгі жантақ – жігіттерге жәрдем

02.11.2022, 15:35 925

HALYQLINE.KZ

Простатит мазалап жүрген ер-азаматтарға бірден-бір жәрдем болатын амал – жантақ қайнатып ішу.

Жантақтың тамыры ұзын боп, су іздеп тіп-тіке өседі екен. Түбін сәл қопсытып (тікені бар, қолғап кию керек), тіп-тіке тартып, үзіп алмай жұлу керек. Көбірек жинап 8-9 сантиметр болатындай етіп кесіп-кесіп, тазалап жуып алса, көпке дейін қолдануға жарайды. Соның 4-5 талын 2 литр суға салып, баяу жанған отта 40 минут қайнатады. Қызыл күрең шай сияқты болады. Қайнағанда суы азайып қалса, 2 литрге жететіндей етіп, үстіне қайнаған су құяды.

Осы қайнатпаны күніне 2 рет, 200 грамнан (1 стакан) шамасында ішу керек. Тоңазытқышта сақтайды. Ішетін кезде тамаққа салқын тимес үшін бөлме температурасындай етіп жылытып ішеді.

Ерте көктемдегі жас жантақ болмайды, жантақ гүлдеп біткендегісі ем. Қазір күзгі жантақ – дер шағы. Осы емді бір апайдан естіп, балама жасадым, жақсы болып кетті. Бір айдай ішіп, қажет болса үзіліспен тағы оншақты күн ішуге болады. Адам өзі байқайды ғой, шипасы қалай әсер етіп жатқанын.

Қаланың сыртына шығып, жантақты әрең тапқанмын жантақты. Одан бері біраз жыл өтіп кетті. Қуығы суықтаған, простатит деген адамдарға түгел айтып жүретін болдым.

З.ХАСАНОВА.

«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: