Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АЗАМАТ-тан біліп ал!

07.01.2023, 9:20 269

Бүгінгі күні шетелде білім алудың түрлі мүмкіндігі бар. Алайда көбі – шетелдік бағдарламалар. Тәуелсіздік алған тұстан бастап, жастардың бәсекеге қабілетті маман болу үшін «Болашақ» бағдарламасын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып  қана  қоймай,  жүзеге  асырды. Бұл – еліміздегі жалғыз шетелде оқудың мүмкіндігін қарастыратын бағдарлама. Десе де,  көпшілігіне өз мүлігін кепілге қою және иін тірескен талаптары көңілден шықпады. Кежегесі кейін тартқан жастарға қандай қолдау көрсетілсе де, жақпайтыны сөзсіз.

«Болашақ» бағдарламасы әлемнің алдыңғы шептегі университеттерінің бәріне тапсыруға мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі таңда Мажарстан еліне құжат қабылдау өткізіліп жатыр. Бұл өткен жылдың 12 желтоқсанында басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады. «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынып отыр:

• бакалавриат 110 орын;

• магистратура 90 орын;

• бакалавриат+магистратура 30 орын;

• докторантура 20 орын.

Грант мажар тілі курстарынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын және мажар тілдерінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған. Конкурсқа қатысу үшін негізгі критерийлерді айтсақ.

• Бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестат орташа балының немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылы бойынша үлгерімі туралы табель/транскрипттің немесе арнайы  орта  білімі  туралы  диплом  орташа баллының  5.0-тен 4.0  балына  сәйкестігі;

• Магистр  дәрежесін  алуға  үміткерлер үшін –  бакалавр  дипломы  немесе  ағымдағы  үлгерімі  туралы  таранскриптің орташа  баллының  4.0-тен 3.0  балына сәйкестігі;

• Доктор  дәрежесін  алуға  үміткерлер үшін – магистр дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің орташа балының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі;

• Ағылшын  тілінде  оқу  үшін  кемінде IELTS 9.0-дан 5.5, TOEFL  120-дан 46 деңгейдегі  қолданыстағы  сертификаттар  болу  тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын үкіметаралық гранттар аясында отандастарымызға Еуропа мен Азияның үздік ЖОО-ларында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант ұсынылады. Міне, мұндай мүмкіндікті жіберу қиянат десек те артық айтқанымыз емес. Сондықтан өз болашағыңды жаңа жылдың басынан жасаған жөн. Қайткенмен де, тіл білгендер тілегіне  жетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: