Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақшаны үнемдеп жұмсау әдісі

16.05.2021, 18:00 813

HALYQLINE.KZ Мағынасыз және тез арада жасалатын сатып алуларды болдырмау үшін не істеу керек?

  • «Қалдырып қою» әдісін таңдаңыз. Өзіңізге ұнаған тауарды – қараңыз, ұстап көріңіз, бірақ бірден сатып алмаңыз. Осы сатып алуды талдауға өзіңізге уақыт, бірнеше сағат немесе бір күн беріңіз. Сонда бұл заттың өзіңізге керек немесе керек еместігін түсінесіз.
  • Азық-түліктің немесе кез келген басқа да тауарлардың тізімін жасаңыз – бұл барлық қажетті затты сатып алуға және сезімталдықпен артық сауда жасамауға көмектеседі. Бірақ Сіз тізімде жоқ үш затты сатып ала аласыз. Кейде еліктіретін ұсыныстар немесе жай ғана «қызба тілектер» болады. Алайда осының алдында бірінші кеңесті пайдалануды ұмытпаңыз және сатып алу қажеттілігінің күнделікті бюджетке әсерін талдап көріңіз.
  • Дүкенге қарныңыз аш болып тұрғанда бармаңыз. Статистикаға жүгінсек, дүкенге қарны аш болып барған адам азық-түлікті жоспарлағанындай емес көп сатып алады. Оның үстіне сатып алғанның барлығын жеп тауыса алмау тәуекелі бар екенін ұмытпаңыз, бұл азық-түлігіңіз бұзылып, ақшаңыз далаға кетті деген сөз.
  • Жоғарғы және төмендегі сөрелерге назар аударыңыз. Әдетте, ортаңғы «алтын аймақтағы» сөрелерге дүкен үшін сатылуы тиімді тауарлар орналастырылады. Басқа сөрелерге де назар аударыңыз, онда осы тауарларға ұқсас, алайда бағасы арзан тауарлар таба алуыңыз мүмкін.
  • Бағаларды салыстырыңыз. Жеңілдіктер мен акцияларға үнемі сене бермеңіз. Бағасы жазылған қағазды мұқият оқыңыз. Кейбір жағдайларда көтерме бағасы үлкен қаріптермен, ал бөлшек бағасы ұсақ қаріптермен жазылып тұрады.
  • Көлікке жұмсалатын шығындарыңызды тиімді етіңіз. Кейбір жағдайларда жұмысқа немесе оқу орнына қоғамдық көлікпен жету тез де әрі арзанға түсіп жатады. Сіз осылайша жол ақысы мен уақытыңызды үнемдей аласыз. Жол ақысын үнемдеудің тағы бір жолы жұмысқа дейін көршіңізбен/әріптесіңізбен, жеке көлікпен кезектесіп күн аралатып жүру немесе шығынды бірігіп көтеру.

Күн сайынғы бюджетіңізден айнымай, қатаң ұстанып отырыңыз. Соның арқасында бірнеше айдан кейін Сіз өз шығындарыңызды есептеп, қандай шығындарды үнемдеуге болатынын түсінесіз. Қытай даналығы айтқандай «Тауды жылжытқан адам алдымен ұсақ тастарды тасып, жылжытудан бастаған».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: