Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш жаңа әуежай жыл соңына дейін салынып бітеді

05.10.2026, 16:15 68

Қазақстанда Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр.

Қазір Зайсандағы әуежайдың дайындығы 95,3 пайызға жеткен. Құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Катонқарағайдағы жаңа әуежай 79 пайызға дайын. Нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру көзделген.

Кендірлі әуежайындағы жұмыстардың 54 пайызы орындалды. Оның құрылысын да желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, Үржар әуежайының терминалы қайта жаңғыртылып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: