Өскемен қаласында «Казцинк» зауыты аумағында шаң ұстау құрылғысында жарылыс болып, кейін өрт шығып, нысанның бір бөлігі құлаған, деп жазады zhasalash.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
ТЖМ мәліметінше, 5 мамыр күні зауыт аумағындағы шаң ұстау құрылғысында жарылыс болып, артынша өрт болған.
Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде болған жағдайдың видеосын жариялады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда. Жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Сурет видеодан скриншот
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!