Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті

06.10.2026, 16:35 49

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуды №68 мекемесінің Режим және күзет бөлімінің ведомстволық өрт күзеті инспекторы, әділет кіші лейтенанты Дүкенбаев Қуаныш Дүкенбайұлы ұйымдастырып, №2 өрт сөндіру бөлімін шақырды.

Жаттығу барысында өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің жедел әрекет етуі, өрт сөндіру бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасауы және қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі пысықталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттыру және төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлердің шұғыл әрі дұрыс әрекет етуіне дағдыландыру.
Мұндай оқу-жаттығулар мекемеде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: