Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мына газет Қызылордадан шыға ма?»

21.07.2022, 11:30 467

Бүгін – «Халық» газетінің туған күні

…Бұл «Жас Алаштың» даңқы аспандап тұрған кезі еді. Әр нөмірін жібермей оқимыз. Осылай да жазуға болады екен-ау деп таңғаламыз, тамсанамыз. Нұртөре Жүсіп бастаған ұжым бір күні сау етіп Қызылордаға келе қалды. Біз олармен, олар бізбен танысты­. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың бас корпусындағы кез­десуді­ де тамашаладық. «Халық» газетім­ізді ұсындық. Сөйтіп, өзіміз Құдайдай көретін жасалашты­қтар «Мына газет Қызыл­ордадан шыға ма?!» деп  таңғалып, мерейіміз­ді өсіріп  тастады.

Редакциядан қарапайым халық үзілмейтін. Күніне қаншама адам келіп-кетіп жатады, мәселелерін айтад­ы, мұң-мұқтажын жеткізеді. Алыстағы ағайын хат жазады. Осы­лай­ша «Халықпен» етене бола жүріп,  студент  кезден-ақ журналиске халық сенетінін көзбен көріп, көңілмен сезіп  өстік.

Журналист, «Халық» газетінің түлегі

Айжан Абдуллаеваның естелігінен үзінді

Мақаланың толық нұсқасы:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: