Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметкер робот емес!

20.07.2022, 11:25 355

Қызылорда өңірінде қазір күн күйіп тұр. Шиелі ауданына кеше тағайындалған әкім Нұржан Ахатов осындай аптапта бүкіл әкімдік қызметкерлерін қоқыс жинауға мәжбүрлепті. Ол аздай «күндіз қоқыс жинайсыңдар» деген. Шақырайған аптапта көше қоқысын тазалап, басынан күн өтіп, дәл қазір мұрнынан қан сауғалап отырған Балқияның хатын қаз-қалпында жариялауды жөн көрдім.

– Мемлекеттік қызметкерлерге 2 жыл бұрын заң шығып еді. Жұмыс уақыты кешкі 7-ге дейін деп. Басында қатты тексіріліп жүрді де, қазір жайында қалды. Қадағалап отырған ешкім жоқ. Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе бөлім басшыларын күн-түн демей жұмысқа шақыра береді. Енді «көше аралап, көшедегі мусорды тазалатқызасыңдар» деп 45 градуста көшеге жіберіп жатыр. «Күндіз мусор жинатып, кешке 12-ге дейін жұмыс істейсіңдер» дейді. Оған ешкім қарсы келе алмайды. «Жұмысынан айырылып қаламыз ба?» деп қорқады. Өзі салқын кабинетте отыр. Демалыс күндері де жұмыс. Сонда олардың бала-шағасы, отбасы жоқ па? Денсаулықтары ше?

Әр бөлімге (жер, ЖКХ, сату-алу және т.б) 5-6 көшеден бөліп берген. Осы әкімнің келгеніне 4 күн болды. Келе салып «күндіз көше тазалайсыңдар, түнде жұмыс істейсіңдер» дейді. Әкім орынбасарларын сенбі, жексенбі болсын, түнгі 12-1 болса да жұмысқа шақырып ала береді. Суреттегі әр бөлімнің қызметкерлері. Дәл қазір 40 градус. Күнде осылай шығасыңдар деген. Сонда мемлекеттік қызметкерлер робот па?, – деді ол.

Қоқыс жинайтын арнайы қоғамдық қызметкерлер сонда не істейді? Шынында да мемлекеттік қызметкерлер робот па?

Журналист Гүлмира Әбіқайдың
әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: