Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша студенттер Өзбекстанда білім алуда

05.10.2023, 10:35 391

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Өзбекстан Республикасында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алуда.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінде 15 студент оқуын бастады.

Білім алушылар көршілес мемлекетте «Су ресурстары және суды пайдалану», «Кадастр және жерге орналастыру» білім берубағдарламасы бойынша 1 семестр оқитын болады.

Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықты, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімде ынтымақтаса жұмыс жасауымыз керек» деп атап өтті.

Аталған Жолдау еліміздегі барлық ЖОО үшін де аса маңызды. Білім алушылар қазіргі уақытта су шаруашылығы бойынша екі елдің оқу үдерісімен және ғылыми жетістіктерімен танысуда.

Осы ретте студент Дильяра Асанбек шетелде оқудың артықшылықтары туралы айтты.

 «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы екі елдің білім беру жүйесімен танысуға мүмкіндік берді. Әр университеттің өз ерекшелігі болатыны рас. Біз сабақ барысында өзбекстандық ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен, кітапханадағы құнды еңбектерімен таныстық. Апта сайын практикалық жұмыстарға қатысып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренудеміз. Ғылыми жетістіктер – адамзат баласына ортақ игілік. Басқа мемлекеттерде тәжірибемізді шыңдау арқылы ғылымға деген құлшынысымыз одан әрі артатыны анық», – деді Дильяра Есболқызы.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Академиялық ұтқырлық», «Қос диплом» бағдарламалары бойынша студенттер жаңа оқу жылында Қытай Халық Республикасы, Польша, Түркия Республикасы, Оңтүстік Корея Республикасында білімін жетілдіреді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

Медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: