Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалмауыз кемпірден сұлу әйелге айналған

14.09.2023, 9:00 538

HALYQLINE.KZ

Бірде патша Артурды басқа патша ұстап алып, түрмеге қамады. Сосын оны аяп, бір өте қиын сұраққа жауап берсе, жіберетінін айтты. Жауапты табу үшін Артур патшаға бір жыл уақыт берілді. Егер ол жауап бере алмаса, ол өлім жазасына кесіледі. Оған «әйелдер шынымен не қалайды?» деген сұрақ қойылады.

Король Артур бір жыл бойы патшалығының бүкіл әйелдерінен не қалайтынын сұрады, бірақ оған ешкім жауап бермеді. Ақырында, оған бір қарт бақсы бір жалмауыз кемпір ғана жауап бере алатынын және оның бағасы өте жоғары болатынын айтты. Патшаның амалы қалмай, жалмауыз кемпірге барып, ақысына не қалайтынын сұрады. Ол ең жақсы рыцарь Гавайнге үйленгісі келетіндігін айтады. Шындығында жалмауыз кемпір өте қорқынышты, кәрі, жағымсыз және аузында бір ғана тісі бар еді.

Артур ойлана келе досын бұлай істеуге мәжбүрлегісі келмейтінін, одан да өлгені артық екенін айтты. Алайда Гавайн Артурдың өмірі бүкіл патшалық үшін маңызды екенін айтты және ол кәрі сиқыршы, жалмауыз кемпірге үйленуге келіседі. Осыдан кейін жалмауыз кемпір Артурдың сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, әйелдер өз өмірін өзі басқарғысы келеді.

Осыдан кейін Артур аман қалып, бәрі қуанып, тойлайтын уақыт келді. Той үстінде Гавайн өзін нағыз серілерше ұстаса, ал жалмауыз кемпір  тамақты қолымен жеп, өзін көпшілік ортасында өте жиіркенішті ұстады.

Неке түні таяғанда Гавайн құлықсыз жатын бөлмеге кіріп келеді. Оның көз алдында бұрын-соңды көрмеген ең сұлу әйел жатыр. Ол өз көзіне өзі сенбей, одан не болғанын таңдана сұрайды. Сонда жалмауыз кемпір қорқынышты және жағымсыз  кезде оған деген жақсы қарым-қатынасы үшін ризашылық ретінде ол жарты күн сұлу әйел және жарты күн кәрі жалмауыз болуға келісетінін айтты.

Содан кейін ол оның қайсы бейне күндіз, қайсы бейне түнде болу керек екеніне таңдау жасау керек екенін айтты. Гавайн ұзақ ойланады. Ақыры таңдауды жалмауыз кемпірдің өзіне қалдырып, «шешімді өзің қабылда» деді. Сонда жалмауыз кемпір мәңгілік әдемі қалпында қалатынын және таңдау еркін  өзіне қалдырғаны үшін Гавайнға алғысын білдіреді. Сонымен, бұл әңгіменің моральдық мәні неде? Мораль – мынада. Сіздің әйеліңіз әдемі немесе қорқынышты, ақылды немесе ақымақ болғаны маңызды емес. Әйелдің бойында жалмауыз кемпірдің де, сұлу әйелдің рөлі бар. Қайсы қасиетін оятсаң, соны көресің.

Орыс  тілінен  аударған

Әйгерім  НАЖМАДИН

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: