Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бүкіл ғылым ана тілінде оқытылуы керек»

07.09.2021, 10:05 314

HALYQLINE.KZ  «Кеше бір жиналыс болды. Таң қалып қайттым…

Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?».

Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар. Өкінішке қарай, XXI ғасырдың басында осы сұрақ ғылыми талқыға түсіп отыр.

Тіл деген не? Тіл – байланыс құралы. Оның бес функциясы бар. Олар: отбасы, ошақ қасы; бизнес; саясат; экономика; ғылым және технология.

Адамның он екі мүшесі бар болатын болса, сол он екі мүшенің бәрі жұмыс істеу керек.

Қазақта мықты поэзия бар, әдебиет бар. Бірақ басқа жағында түк те жоқ. Менің ойымша біздің саясат былай болуы керек: сіз көмектеспей-ақ қойыңыз, бірақ кедергі жасамай-ақ қойыңыз.

Соңғы кезде қазақтың тілі дамып келе жатыр. Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз.Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары.

Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы – қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты.

Қазақ тілінде бастауышқа, орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек…

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,

математик

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: