Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім көшбасшысы – аудан мақтанышы

02.09.2026, 8:30 29

HALYQLINE.KZ

Жаңа оқу жылының алғашқы күні Жаңақорған ауданының білім саласы үшін айтулы жетістікпен басталды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандағы №286 мектеп-лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының облыстық деңгейдегі жеңімпазы атанды. Осыған орай «Білім көшбасшысы – аудан мақтанышы» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, білім ордасының жетістігі кеңінен атап өтілді.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан №286 мектеп-лицейінің ұжымын айтулы жетістігімен құттықтап, білім саласындағы еңбектеріне жоғары баға берді. Жеңімпаз мектепке білім ордасының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге және білім беру сапасын одан әрі арттыруға бағытталатын 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов пен ардагер-ұстаз Шолпан Мажитова мектеп ұжымына ақжолтай тілектерін арнап, бата берді. Сонымен қатар кеш қонақтарына мектеп-лицейінің жетістіктері мен оқушыларының арнайы бейнеқұттықтауы ұсынылды.

№286 мектеп-лицейінің бұл жеңісі – ұстаздар еңбегінің, шәкірттер жетістігінің және білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың жарқын нәтижесі.

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Білім саласындағы әрбір жетістік – ауданның абыройы мен ортақ мақтанышы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: